тәрбие сағаты
2 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және де бүгінгі «Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы» атты мерекесіне қош келдіңіздер
Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі - «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
Бұл мереке - мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
1- жүргізуші: Күз - береке, сән - салтанат мереке айы. Жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі тойланады.
Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша би билейді ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды «Алтын үз ханзадасы мен ханшайымы» атты
сайысымызды бастаймыз.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:
- ______________________________________________________________________
- ______________________________________________________________________
- _______________________________________________________________________
- _______________________________________________________________________
2- жүргізуші: бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Экибана
3. Газет
4. Сұрақ жауап сайысы
5. Өз өнерін көрсету
6. Ас мәзірі
7. Сурет байқауы
8. Сайыскерлермен ойын
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз (музыка әуенімен ортаға шығады). Ортаға шақырып сайыскерлермен таныстырамыз:
1. __________________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________
Сайсымыздың III шарты бойынша сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз: газет сайысы.
Сайыстың келесі шарты бойынша сайыскерлермен ойын ойнаймыз. «Түймеле» ойыны бойынша қыздар қолдарына қолғап киіп, ұлдарға жейдені кигізеді және түймелейді. Ең бірінші болған әрі дұрыс түймелеген жұп жеңіске жетеді.
«Сіріңке» ойынының шарты бойынша алдарыныздағы сіріңкелерді қорапшаға дұрыстап, яғни бірдей бағытталған түрде салған жұп жеңіске жетеді.
2- жүргізуші: міне, біз бүгін көптен бері ізденіп, тынбай дайындалған «Алтын күз» мерекесіне байланысты өтіп жатқан «Алтын күз ханзадасы мен ханшайымын» анықтайтын уақыт жетті.
1 - жүргізуші:
Әділ қазы алқасы
Берсін әділ бағасын
- деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Марапаттаулар
2- жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен « Алтын күз ханзадасы мен ханшайымын» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Сау саламатта болыңыздар!